$ 448.89  477.93  4.76

«Жасыл Қазақстан» - қолайлы орта құруға бағытталған жоба

2021 жылдың қаңтар айындағы кезекті жиынның бірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экология – халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін өте маңызды сала. Алайда, халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың тек 48%-ы ғана экологиялық жағдайға риза болып шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы. 
 
2021 жылдың қаңтар айындағы кезекті жиынның бірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.

«Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырамын. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғауға қажетті барлық көрсеткіштерді цифрландыру маңызды міндеттердің бірі болып саналады», - деген еді Тоқаев.

Президент сол жолы  өзінің тапсырмасы бойынша елімізде 2 млрд ағаш отырғызылатынын еске салды. Оның айтуынша, бұл бастама «біздің азаматтарымыздың кең қолдауына» ие болды.

Президент тапсырмасы аясында әзірленген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай ағын суларды төгу көлемін төмендетуге қол жеткізу, қалдықтарды өңдеу үлесін ағымдағы 18% - дан 35%-ға дейін арттыру, сондай-ақ елдің ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету жоспарлануда.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. 

Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қала - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Құжат төрт негізгі бағыттан тұрады: 
I. Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. 
II. Екінші бағыт «Үнемді Қазақстан» табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мақсатын қойып отыр. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. 
 III. «Табиғат» бағытының мақсаты биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту болып саналады. 
IV. Төртінші бағыт – «Экология болашағы», халықтың экобілімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған. Жалпыұлттық жоба 11 міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалған. 

«Таза Қазақстан» бірінші бағытының мақсаты атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұйық циклдегі экономиканы дамыту және тарихи ластануларды жою, елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары