$ 443.85  474.3  4.8

Шенеуніктерге автокөлік, жиһаз сатып алуға тыйым салынды

Шенеуніктердің шығындарын Бас прокуратура қадағалап, апта сайын президент алдында есеп береді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2022 жылдың соңына дейін министрліктерге, хокимияттарға, мемлекеттік ведомстволар мен ұйымдарға автокөлік, жиһаз, техника сатып алуға және кеңселерді жөндеуге тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz  президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөніндегі кеңесте Мирзиеев шығынды 10 трлн сомға (877,5 млн доллар) қысқартуды тапсырды. Ол аймақ басшыларының 1 сәуірден бастап бюджеттен қарыз беруіне тыйым салды. Шенеуніктердің шығындарын Бас прокуратура қадағалап, апта сайын президент алдында есеп береді. Мирзиеевтің айтуынша, үнемделген ақша өңірлер мен салаларды дамытуға жұмсалады.

Сонымен қатар Мирзиеев барлық хокимдерге ұн, қант және май бағаларын қадағалауды, ал үкіметке азық-түлік импортына салынтын акциздер мен кедендік баждардың мөлшерлемелерін қайта қарауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары