$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық сараптама орталығының қызметкері 8 жылға сотталды

Ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымның қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді. Ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады растады.

30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жарияланды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Құзырлы ведомство оның Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша жымқыру фактісі бойынша және пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады. 2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары