Netflix стриминг қызметі Уилл Смит "Оскар" рәсімінде жүргізуші Крис Рокты ұрып жібергеннен кейін актер түскелі жүрген Fast and loose картинасын түсіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасап.
"Оскар" сыйлығын табыстаудан бір апта бұрын режиссер Дэвид Лейтч Netflix жоспарлаған "Форсаж" фильмінің режиссері болудан бас тартқан еді. Онда Уилл Смит басты рольде ойнайды. Оның орнына Fall Guy-ге ауысты. Universal түсіретін бұл фильмде Райан Гослинг басты рольде, түсірілім тамызда басталуы керек.