$ 498.51  522.84  4.81

Қарағандыда облыстық медицина орталығына «мина қойылды» деген ақпарат тарады

Ғимараттан күдікті қап табылған.

Қарағанды облысытық медициналық орталықта мина бар деген ақпаратпен барлық төтенше жағдайлар қызметкерлері жиналған. Ғимараттан күдікті қап табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4 сәуір күні сағат 09:05-те Қарағанды ​​қалалық ІІБ оңтүстік шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұқанов көшесіндегі облыстық медициналық орталықта дәретханадан қапта оралған зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Ол жерге Қарағанды ​​облысының жедел кезекшілерімен барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Медициналық мекеме ғимаратынан 400-ге жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде медицина қызметкерлері, науқастар, келушілер де бар", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері табылған заттың ішінен тетікті ұялы телефонды, оған арналған зарядтағышты анықтады. Сағат 10:00-де қауіп жоқ  пәрмені беріліп, медициналық орталық қазір штаттық режимде жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары