$ 448.15  483.46  4.86

«Қазақстан өзін асырап отырған қолды тістеп жатыр» - Ресей саясаткері

Қазақстан жаңа әлемнен тыс қалғысы келе ме?

Ресейлік саясаткер Владимир Аватков ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың сөзіне ашулы.

Шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында Сүлейменов: "Қазақстан Ресейдің АҚШ пен ЕО-ның салған санкцияларынан айналып өтетін құралы болмайды. Біз санкцияларды орындаймыз" деген болатын.

Осыған байланысты Аватков Қазақстанға деген ренішін телеграм арнасында жеткізді.

"Қазақстан біздің жасаған барлық жақсылығымызды мансұқ қылды. Бірақ бұл жерде мәселе реніште емес. Оларға әлемдік саясатта орын жоқ.

Қазақстанның негізгі серіктестері (бізден басқа) Қытай мен Түркия. Бірақ бұл мемлекеттер бізге қарсы санкция салған жоқ. Айтпақшы, Үндістан да. Және олармен біз жаңа әлем құрып жатырмыз. Қазақстан жаңа әлемнен тыс қалғысы келе ме?

Қазақстан өзінің одақтастық міндеттемелеріне белсенді түрде қарсылық көрсетіп, өзін асырап отырған қолды тістеп отыр" - деп жазды Аватков.

oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары