$ 494.87  520.65  4.91

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қосымша 1,6 трлн теңге бөлінбек

2022 жылы елдегі инфляция 8-10% деңгейінде болады.

2022 жылы елдегі инфляция 8-10% деңгейінде болады.

Биыл Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Оның айтуынша, ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 млрд долларға өскен, ал импорт – 40,2 млрд доллар.

"Инфляция 8-10% дәлізде анықталды. Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде бюджет кірістері бойынша болжам нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджеттің кірістері 10,2 трлн теңге көлемінде, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары", - деді министр.

Әлібек Қуантыров кірістер бойынша негізгі ұлғаю мұнайға болжамды бағаның өсуі, долларға теңге бағамының өзгеруі аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі есебінен корпоративті табыс салығының өсуінен болады деген пікірде.

"Президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады", - деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары