Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин саясаткер Владимир Жириновскийдің қайтыс болғанын хабарлады.
"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды", - деп жазды Володин Telegram-арнасына.
Айта кетейік, Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат 25 наурызда да тараған болатын. Алайда ол кезде МемДума саясаткердің көз жұмғанын жоққа шығарды.