$ 494.87  520.65  4.91

«До того сондай болмасаңдаршы?..»: Максим Рожин қазақ тілін кекеткендерге ренішін білдірді

Сендерге қазақ тілі тек ауылдың тілі деп кім айтты?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин әлеуметтік желіде бүгін түскі ас кезінде қазақ тіліне қатысты болған жағдайды жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Ол дәмханада орыстілді қазақ пен Ресей азаматының мемлекеттік тілді кекеткен сәтін жазды.

«Міне, жаңа ғана болған жағдай:

Түскі асқа келдім. Үстелде отырмын. Алдымда солтүстік өңірден келген біреу (түріне қарасам, бизнес мәселесімен келген адам сияқты, солтүстік гастарбайтер, қысқасы). Оның жанында өзіміздің азамат отыр.

Сонымен не керек, ас күтіп отырғанда телефоным шырылдап, сөйлесе бастадым. Дауысым қатты шығып, қазақша сөйлескеніме алдымда отырған адам маған бұрылып, бедірейіп қарады. Сосын досына «он что, по казахский говорит?» – деді дауыстап. Тағы бұрылып, әңгімелесіп отырғаныма қарады. Не деген беспардонный…

Әрі қарай тағы қызық болды. Сөйлесіп болған соң, тамақ ішіп отырмын. Көрші үстел мені немесе мен сияқтыларды әңгіме қылып отыр. Әлгі біздің азамат мені орысша білмейді деп ойлап, «да, эти аульные русские все такие» деді.

Бельгер ағамыз жарықтық «мен ауылдың мәмбетімін» деп айтып еді. Гастерлар жарайды. Олар бұл мәселеге аузын ашып, жабайылықпен қарауы мүмкін. Енді біздің өзіміздің жігіттер, до того сондай болмасаңдаршы! Ұят қой. Сендерге қазақ тілі тек ауылдың тілі деп кім айтты?

Мен оларға «у нас вот так пялиться не принято, это невоспитанность» деп айтып үлгердім», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары