$ 444.14  477.05  4.85

Ертеңнен бастап елімізде құрлық шекарасы бойынша шектеулер алынады

11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады.

Ертеңнен бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

«Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады», деп көрсетілген хабарламада.

ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, вакцинация паспорттарын өзара тануы бар болған кезде шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжат/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары