$ 498.34  519.72  4.85

Балабақшаға кеткен бүлдіршін ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті

Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады.

Түркістан облысы Отырар ауданында балабақшаға кеткен бүлдіршін ауыр дене жарақатымен ауруханадан бір-ақ шықты. Бір жастан енді ғана асқан баланы ата-анасы таңғы сағат сегізде балабақшаның тасымал көлігіне салып жібергенін айтады деп хабарлады  ҚазАқпарат. 

Бүлдіршіннің анасы Ажар Пернебектің айтуынша, арада үш сағат өткен соң оған балабақшадан жайсыз хабар жеткен. Тәрбиеші баласының жай ғана құлап, жарақаттанып қалғанын айтады. Алайда, балабақшаға барған ол ұлының жамбасы сынып, басы мен денесі қатты жарақаттанғанын көреді.

Бақшадағылардың жедел жәрдем де шақыртпағанына қынжылады. Есесіне, жамбасы ісіп, қиналып тұрған баланы емшіге апарып үлгеріпті. Болған жайт туралы тәрбиешілер екі түрлі жауап беріп, әлденені жасырып отыр дейді.

«Баламның аяғы машинада қайырылып, қысылып қалды дейді. Сол кезде құлап қалғанын айтады. Біздің ойымызша, оның аяғы расымен қысылып қалған және көлік жүріп кеткен. Құлаған соң көрінбей қалады ғой. Жүргізуші түсті деп ойлаған да, сүйреген біраз жерге дейін. Басында үш жерден гематома. Бет-аузы қан жоса, сырылған түгел. Сол жақ жамбасы ісіп кеткен және салбырап тұр», – дейді анасы.

Сонымен, таңғы сағат тоғызда жарақаттанған сәби облыстық балалар ауруханасына кешкі алтыда жеткізіледі. Тез арада ота жасалып, сынған жамбасына темір салынған. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Енді 4 айдан соң жамбасындағы темірді алу үшін қайта бір операция жасалады.

Сонымен, таңғы сағат тоғызда жарақаттанған сәби облыстық балалар ауруханасына кешкі алтыда жеткізіледі. Тез арада ота жасалып, сынған жамбасына темір салынған. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Енді 4 айдан соң жамбасындағы темірді алу үшін қайта бір операция жасалады.

Анасы балабақшаның басшылығы мен тәрбиешілерін де, көлік жүргізушісін де сотқа бермек. Ал, аудандық білім бөліміндегілер бала көліктен түскеннен кейін байқаусызда құлап қалған дейді.

«Бала «Фольксваген Опель» маркалы жеңіл автокөлігінен түсіп, тәрбиешісіне қарай жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Соның салдарынан беті мен бас терісі сырылған, аяғының сан сүйегі сынған. «Болашақ» балабақшасының меңгерушісінен хабарламаны уақытлы бермегені үшін түсініктеме алынып, жауапкершілігі қаралып жатыр», – дейді Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.

Аудандық полиция бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Сондай-ақ, ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жеңіл көліктің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Еске сала кетейік, астанада мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#балабақша