$ 439.43  473.31  4.82

Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумның жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

12 раундтық жекпе-жек ESPN платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Орта салмақтағы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен(14-0-1, 8 КО) жекпе-жегі өтетін орын анықталды.

Vesti.kz сайтының жауынша, Әлімханұлы мен Дигнум Resorts World Las Vegas (АҚШ) аренасында кездеседі. Бұл туралы Жәнібектің промоутері Боб Арум The Ring басылымына берген сұқбатында айтқан. 

Сондай-ақ, 12 раундтық жекпе-жек ESPN платформасында тікелей эфирде көрсетілетіні атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары