$ 448.56  478.03  4.79

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін көшеде сабаған ер адам іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайсыз оқиға 13 сәуірде таңертең Сығанақ көшесінде орын алды. Бұрынғы әйелімен сөзге келген 25 жастағы астаналық оған жұдырық ала жүгірген. Болған оқиға сыртқы камераларда жазылып қалған.

Аталған факті Есіл аудандық ПБ-да тіркелді, айыпты ер адамның тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген. Ер адамға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылып, оны бұзған жағдайда не болатыны түсіндірілді. Дегенмен, қудалау жалғаса берген.

Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, ұртоқпақ ер адам екі рет кінәлі деп танылып, сот "ескерту"түріндегі әкімшілік жаза қолданған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары