Алматыға ұшып келген Belavia ұшағына бомба қойылғану туралы ақпарат келіп түскен. Бортта барлығы 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әуежайының электрондық поштасына Минск – Алматы бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.
Бортта 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ әуежайға 3:59-да аман-есен қонды.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін төтенше жағдай жоспарына сәйкес кешенді тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.
Әуе кемесіне мина қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ.