$ 494.87  520.65  4.91

Үш жүзге жуық елді мекенді су басу қаупі төніп тұр

340 елді мекенге қатысты қауіп-қатер жойылды және 385 елді мекенен қауіп-қатер барынша азайтылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстанда 285 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

“Мәселен, 180 мыңнан астам халқы бар 340 елді мекенге қатысты (33,6%) қауіп-қатер жойылды және 231 мыңнан астам халқы бар 385 (38,1%) елді мекенен қауіп-қатер барынша азайтылды. 285 елді мекен (431 мыңнан астам халқы бар) үшін су басудың ықтимал қаупі сақталуда, олардың 132-сі бұрын-соңды картамен көзделмеген (әкімдіктермен қосылмаған). Осыған байланысты әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне түзету енгізу жоспарланып отыр. Ол жаңа қауіпті учаскелермен толықтырылады”, - деді министр.

Оның айтуынша, өзен жағалауын нығайту, арналарды, каналдар мен арықтарды тазарту, қорғаныш бөгендері мен гидротехникалық құрылыстарды салу және жөндеу, жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату шаралары су басу қаупін кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары