$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар мұнай-химия зауытының директоры депутаттық мандатынан айырылды

Бұл туралы Павлодар облыстық мәслихатының XII кезекті сессиясында белгілі болды.
Фото: instagram
Фото: instagram

Бұған дейін Оспанбек Әлсейітов «AMANAT» партиясының құрамынан шығарылған, деп хабарлайды жергілікті Skifnews.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық мәслихатының XII кезекті сессиясында белгілі болды.

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңға сәйкес, депутат өзі сайланған саяси партиядан шыққан жағдайда мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Депутат Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы “AMANAT” партиясы Саяси бюросының 2022 жылғы 24 ақпандағы №3 қаулысы негізінде партиядан шығарылды”, - деді облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов. 


Бұл Павлодар мұнай-химия зауытының директорын депутаттық корпустан шығаруға негіз болды.

Облыстық мәслихат депутатының мандатын Дулат Әбетжановқа тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, “ПМХЗ” ЖШС директорлары екі айға қамауға алынды. Аспанбек Алсейітов аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды  деп айыпталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары