Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстанда 285 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мәселен, 180 мыңнан астам халқы бар 340 елді мекенге қатысты (33,6%) қауіп-қатер жойылды және 231 мыңнан астам халқы бар 385 (38,1%) елді мекенен қауіп-қатер барынша азайтылды. 285 елді мекен (431 мыңнан астам халқы бар) үшін су басудың ықтимал қаупі сақталуда, олардың 132-сі бұрын-соңды картамен көзделмеген (әкімдіктермен қосылмаған). Осыған байланысты әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне түзету енгізу жоспарланып отыр. Ол жаңа қауіпті учаскелермен толықтырылады”, - деді министр.
Оның айтуынша, өзен жағалауын нығайту, арналарды, каналдар мен арықтарды тазарту, қорғаныш бөгендері мен гидротехникалық құрылыстарды салу және жөндеу, жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату шаралары су басу қаупін кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік берген.