$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйелдің мәйіті табылды

Оны көршісі байқап, дабыл қақты.

Ақтауда әйелдің мәйіті пәтерде бір жыл жатқан, - деп хабарлайды inAktau сайтына сілтеме жасап.

4 ықшамауданы 20 үйдегі пәтердердің бірінен әйел өлі табылды. Мәйіт үйде бір жыл жатқан.

Оны көршісі байқап, дабыл қақты. Әйелдің сөзінше, марқұм көрінбей кеткен, оған қоса пәтерінің алдында шоттар жиналып қалған. 

"Желді күндері иіс келетін, бірақ жертөледен шығып жатқан шығар деп ойладым. Сосын бір күні ойыма ол кісі COVID-19 толқыны кезінде қайтыс болуы мүмкін деген ой келді. Менің білуімше, Ақтауда оның туыстары жоқ, сондықтан ешкім іздемейді. Мен мұндай жағдайлар туралы БАҚ-та оқыған едім. Ол пәтер ақысын өткен жылдың наурызында соңғы рет төлегенін анықтадым. Нәтижесінде полиция келіп, пәтерді ашты, ол жатын бөлмесінде төсекте жатты. Бір жылда денесі толық шіріп кеткен десе болады. Туыстарын әлеуметтік желілер арқылы таптық, бүгін жерлеу рәсімі өтті", - деді үй тұрғыны.

Облыстық полиция департаменті әйелдің табылғаны туралы хабар осы жылдың 15 сәуірінде түскенін хабарлады.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары