$ 494.87  520.65  4.91

Құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшыларды арматура басып қалды (ВИДЕО)

Қаза тапқандар жоқ.

Алматыда құрылыс алаңында жұмысшыларды арматура басып қалды. Төтенше жағдай Estet тұрғын үй кешенінде болған. Кей мәліметке сәйкес құрылыс жұмыстарын BAZIS-A компаниясы жүргізіп жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты.

"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары