Қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Бұл туралы Рахмонов өзінің Twitter парақшасында жазды. Келісімшарт бірнеше жекпе-жекке арналған, бірақ қаржылық мәліметтер әлі белгісіз.
Рахмонов UFC турниріндегі соңғы жекпе-жегін 5 ақпанда Карлстон Харриске қарсы өткізген еді (17-5). Отандасымыз бұл жекпе-жекте бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жеткен.
Жазда Шавкат Рахмонов «Гаити сенсациясы» деген атпен танылған америкалық Нил Магнимен (26-8) жұдырықтасуы керек.