$ 494.87  520.65  4.91

Тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады, деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары