Алматылық атқыш Игорь Дужновтың соты аяқталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурорлар Дужновтың бес адамды өлтіру кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті. Мемлекеттік айыптаушылар сотталушының Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны да дәлелденгенін айтты.
"Жоғарыда айтылғандардың негізінде мен Игорь Дужновты кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.
Қаза тапқандардың туыстары мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Олар соттан өмір бойына бас бостандығынан айырумен қатар Дужновты жазасын өтеу кезінде туыстарымен кездесуден айыруды сұрады.