2022 жылғы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні Шымкент қаласының әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталды. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылдыла. Олар 3000-нан астам адамнан тұратын агрессивті топтың шабуылына тосқауыл қою керек болған. Олардың көпшілігі атыс қаруларымен болды. Полиция қызметкерлері тек резеңке оқ пен жарық-шу гранаталарын пайдаланды.
«Алайда, көрсетілген шаралар қылмыскерлерді тоқтатпады, керісінше олардың жазаланбау сенімін арттырды. Тек 3 қарулы шабуылдан кейін және қызметкерлердің өміріне нақты қауіп төнгеннен соң атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 20 шабуылшы қаза тапты. 6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалды. 500 адамға жуық қарулы топппен аталған ғимараттарға оқ атылды, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қарсы оқ атты, нәтижесінде 11 қылмыскердің көзі жойылды», - деді спикер.
Медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша 9 шабуылдаушы мас күйінде және 2-уі есірткінің әсерінде болған.