$ 447.4  477.55  4.76

«Бірінші орында ораза емес, сабақ!»: Мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы

Олай бастарын көтере алмайтын болса, ертеннен бастап ауыздарын ашсын!

Әлеуметтік желіде ақтаулық мұғалімнің ораза ұсаған оқушылар сабақ оқып, білім алуға құлықсыз деп ата-аналарына ұрысқан аудиосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Оның сөзінше, ауыз бекіткен оқушылар аштықтан шарашап, үнемі сыныпта ұйықтап отырады екен.

«Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мына балалардың барлығы ораза тұтып алған. Келеді де бәрі бастарын көтере алмай, сабақ оқымайды. Олай бастарын көтере алмайтын болса, ертеннен бастап ауыздарын ашсын! Бұлар бірінші орында сабақтарын оқу керек. 60-қа келген жоқ қой әлі ораза тұтатын. Жатыр бәрі. Мұғалімдердің барлығы шағым жасап жатыр. Орыс тілінен бір-ақ бала сабақ орындаған. Біреуі сабақ орындамай, бастарын көтере алмай жатыр. Үйге барғаннан кейін сөйлесеңіздер немесе ауыздарын ашып сабақтарын оқысын! Не бұл?» – деді ашуланған мұғалім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары