21.04.2022, 17:00

Ресей КСРО кезіндегі туды қайта жандандырғысы келеді

Халық Кеңес одағы кезеңіне оралғысы келеді.

Ресей туын КСРО кезіндегі туға ауыстырғысы келеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бұл заң азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, оған деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің ата-бабаларымыздың - Отан қорғаушыларының құрметі мен естелігін сақтайды. Ресей өзіне даңқты жеңістер мен ұлы әлемдік державаның символын қайтарады", - делінген түсіндірме жазбада.

Бастаманы көтергендердің бірі депутат Анжелика Глазкова қазіргі жағдайда қызыл тудың ерекше өзекті екенін атап өткен.

"Фашистерді қызыл туымызбен қарсы алуға шыққан әлгі әжені бүкіл әлем танитын шығар. Дәл осы тудың арқасында біз Ұлы отан соғысында жеңіске жеттік. Кеңес одағының бүкіл жетістіктері осы тумен байланысты. Сондықтан, әсіресе, бізде әскери операция жүріп жатқан кезде бұл тақырып бұрынғыдан да өзекті деп есептеймін. Біз ЛХР мен ДХР тұрғындарының біздің әскерді қызыл тумен қалай қарсы алғанын көрдік. Халық Кеңес одағы кезеңіне оралғысы келеді", - деді Глазкова.

Тегтер: Ресей