$ 448.15  483.46  4.86

«Өзі де алданған»: Адвокат Абзал Құспан вайнер Мейіржан Төребаевтың қамалуын заңсыз деп санайды

Алданған әйел Астанаға барып үстіне бензин шашып өртеніп, шу шығарып еді, іс те қозғалды, Төребаев та қамалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Соңғы кездері құқық қорғау органдарында қалыптасқан жағымсыз практика - шешімді көпшіліктің көңіл-күйіне қарай өзгерте беретіні. Әуелі Төребаевтың өзін жәбірленуші деп тапты, себебі ол он миллион теңге салған салымшы, ақшасын табысымен бірге, басқа жәбірленушілер сияқты ол да қайтара алмаған, осы кезге дейін.

Тағы оқыңыз«Мені мойындату үшін қамауға алған болуы мүмкін»: 10 тәулікке қамалған Мейіржан Төребаев түрмеден хат жазды

Оның үстінен іс қозғау, қамау туралы арыздарға жыл жарым бойы бас тартылып келеді, алайда әйел адам Астанаға барып үстіне бензин шашып өртеніп, шу шығарып еді, іс те қозғалды, Төребаев та қамалды. Сонда осы кезге дейінгі шешімдер қайда қалды? Одан басқа, біз қанша жерден дұрыс/дұрыс емес деп шуласақта, жарнама үшін қылмыстық жауапкершілік заңда қарастырылмаған.

Қаржы пирамидасы үшін тек қана сол ұйымды құрған және басқарған адамдарға ғана қылмыстық іс қозғалады. Ал Төребаев тек жарнама жасап берген, жоғарыда айтқанымдай өзі де салымшы болып, алданған. Бір сөзбен айтқанда, Алматы Полиция департаменті, заңмен емес, елді шулату арқылы ғана мәселені шешуге болады деп, жағымсыз практика қалыптастырып отыр", - деді Абзал Құспан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары