Бұған дейін 10 тәулікке қамауға алынған вайнер Мейіржан Төребаев өзін "ұрып-соғып" куәлік алу үшін қамауға алынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазТАГ.
"Мен, Мейіржан Төребаев, өзімнің қаржылық пирамидаға қатысым жоқ екенін айтқым келеді. Барлығы (қамауда отырғандар) менің 10 тәулікке қамалғаныма таң қалуда. Бұл дәлелдің жоқтығынан. Бұрыннан отырғандар мені мұнда әдейі мойындату үшін қамауға алғанын айтады. Бұлай болмайды деп үміттенемін, нәтижесін 10 күннен кейін көреміз", - деп жазған Мейіржан, уақытша ұстау изоляторынан адвокаты Ерлан Мәкенов арқылы берген хатында.
Тағы оқыңыз: Танымал вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды (ВИДЕО)
Адвокаттың айтуынша, вайнердің өзі жазбаны жариялауды өтінген.
"Төребаев Мейіржан жазықсыз! Бүгін Алматыда зардап шеккендердің баспасөз мәслихатында жәбірленушілер, соның ішінде жәбірленуші Досмаилова Бағила да осылай дейді. Жәбірленушілердің сөзінше, вайнерді қаржылық пирамида құрды деп айыптау полиция департаменті қызметкерлерінің идеясы", - деп түсіндірді Мәкенов.
Сондай-ақ, ол бұлтартпау шарасын 10 тәулікке қамауға алу шешіміне өзгерту өте таңқаларлық және сирек кездесетін сот шешімі екенін, сондай-ақ Мейіржанның бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмағанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: «Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасынан тұрақты түрде ақша алып отырған» – прокурор
"10 тәулікке қамауға алуды тағайындау іс жүзінде орган қамауға алу үшін жеткіліксіз дәлелдемелерді ұсынып, сол арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қосымша дәлелдемелер алуға уақыт бергенде ғана қолданылады. Өз атымнан қосып өтерім, Мейіржан шынымен әзілге жақын жігіт, ол көңіл-күйін түсірмей, әділдік орнайтынына сенеді және үміттенеді", - деп түйіндеді заңгер.