$ 494.87  520.65  4.91

QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Qnet» компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғасы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасына санкция берді», – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.

Оның сөзінше,  Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.

«Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады. Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болсаңыз немесе таныстарыңыз бен жақындарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса, агенттікке хабарласыңыз», – деді Әбділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары