Жаңалықтар 22.04.2022 сағат 15:00

Қызмет көлігімен 6 ай бойы туыстарын тасыған әкім жазадан құтылып кетті

Экс-әкім Әділгерей Әуелбаев басқа қызметке ауысуына қатысты жауапқа тартылмады.
Қызмет көлігімен  6 ай бойы туыстарын тасыған әкім жазадан құтылып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбеде екі қабылдау кабинеті ғана бар аудан әкімдігінде 4 хатшы болған. Қызметтік көлікті әкімнің туыстары жеке мақсатқа пайдаланған.

Ақтөбеде өткен Әдеп жөніндегі кеңесте Ырғыз ауданы әкімдігінде жасалған былықтар қаралды. Ауданның бұрынғы әкімі болған Әділгерей Әуелбаев қарамағында жұмыс істейтін туысының алты ай бойы жұмысқа келмей, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғанына көз жұмып келген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бұл заңсыздықтарды мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс әрекет деп бағалады. Шенеуніктердің тәртібі қаралатын Әдеп кеңесіне Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Аслан Байдәулетов пен аппарат басшысы Бақтыбай Мырзағарин шақырылды.

Ал экс-әкім Әділгерей Әуелбаев басқа қызметке ауысуына қатысты жауапқа тартылмады.

Белгілі болғандай, ауданға жасалған ішкі аудиторық есеп кезінде әкімдіктің жанар-жағармайды оңды-солды пайдаланғаны анықталды. Аппарат басшысының хатшысы Қабылбаевқа жұмыста болмаған кездеріне негізсіз жалақы аударылған. Кейін 1 млн 36 мың теңге болатын қаражат өтелгені айтылды.

Әкімдікте болған заңсыздықтарға аудан әкімінің орынбасары «қатысым жоқ» деп ақталды. Құжатқа қойылған қолдардың өзінікі емес екені сотпен дәлелденген.

Ал аппарат басшысы әкімнің айтқанынан шыға алмадым деп көмек сұрады.

«Оқиға былтыр наурыз-қыркүйек айларында болған. Бұл жерде бұрынғы аудан әкімінің туыстарының бәрі көлікті алып, айдап жүрген. Орынбасарына жөндеу жүргіземіз деп алып кетіп, содан ауылға әкелмеген. 6 ай әкелінбеді ауданға. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексергеннен кейін ғана ол көліктің қалада жүргені анықталды. Шыны керек, аудан әкімі мен орынбасарының көлігін қадағалай алған жоқпын. Ол мүмкін емес, олар маған есеп бермейді» дейді Ырғыз ауданы әкімінің аппарат басшысы Бақтыбай Мырзағарин.

Әдеп кеңесінің мүшелері бір ауыздан аппарат басшысын қызметіне сай емес деген шешім қабылдады. Сонымен қатар, осындай былықтарға жол берген экс-әкімнің де жауапкершілігін қарастыру керек деген ұсыныс айтты.

orda.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар