$ 494.87  520.65  4.91

Әскерге шақырылған сарбаз төрт күннен кейін көз жұмды

Ол есін жимастан қайтыс болды.

Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, осыдан бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған.

"Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.

"Оны бастан бірнеше рет ұрған. Іздері қалды. Әскерде балаларымыздың өлімі тыйылмай жатыр, оларды ұрады. Бүкіл Қазақстан осыны білуі керек. Әлібек әскерге барғысы келмеген. Бірақ оны жұмысқа дейін іздеп барып, ірі көлемде айыппұл саламыз деп қорқытқан..." – деді марқұмның туысы Динара Тілесова InAktau порталына берген сұхбатында.

Қазіргі кезде сарбаздың өлімі бойынша тергеу шаралары басталды. Осымен биыл Жамбыл облысында екінші сарбаз қайтыс болып отыр. 2 наурызда қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішов із-түзсіз жоғалған болатын.

10 сәуірде оның денесі Қырғызстан жерінде табылды. Ол әскери борышын "Аңдас батыр" шекара бөлімінде өтеп жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары