$ 443.35  475.54  4.82

Тоқаевтың тапсырмасын орындай алмаған вице-министр қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмасы уақытында орындалмағаны үшін үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында .

Айта кетері, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған "Күре жолдағы күрсініс" атты мақалаға назар аударып, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар проблемасын тез арада шешуді тапсырған болатын.

Президент Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма бергенін және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын еске салды.

Ертесінде үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары