Атырау облысында Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған жігіттің мәйіті табылды. 26 жастағы ер адам қарсы беттегі жағалауға жете алмай, суға батып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлауынша, жас жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған. Ойылға батқан жігітті іздеу 22 сәуірде басталған. Іздестіру жұмыстары 23 сәуірде таңғы сағат сегізде қайта жалғасқан.
"Қызылқоға ауданының 1996 жылы туған тұрғыны Ойыл өзенінен атпен өту кезінде суға батып кеткен. Оны іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері тартылды. Жергілікті 5 тұрғын іздестіру жұмысына көмекке келді. Ойыл өзеніне батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті 23 сәуірде сағат 09:30-да судан шығарылып, полицияға тапсырылды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.