$ 444.22  476.38  4.82

10 сотық жер алуға қанша адам кезекте тұр?

Министрліктің мәліметінше, қазір екі миллионнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алуға кезекте тұр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті қанша азаматтың 10 сотық жер алуға кезекте тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қазір екі миллионнан астам адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алуға кезекте тұр (1 миллион 300 мың egov порталының мәліметі бойынша).

"Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар болуы керек. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендердегі жер учаскелері тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана беріледі", - делінген тілшінің сауалына жауапта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары