$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстау облысында қоқиқаздар жаппай қырылып жатыр

Әзірге бұл мәселеге байланысты ресми ақпарат жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында белгісіз себептерден өлген қоқиқаздардың өлекселері сайын далада шашылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеу ауданында мектеп оқушысы Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздардың әр жерде жатқан өлекселерін бейнежазбаға түсіріп алған. Аталмыш видео әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді.

Желі оқырмандарының құстардың өлімі туралы пікірі екіге бөлінді. Бірі – құстардың өліміне теңіз суының өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы себеп болуы мүмкін десе, екінші тобы адамдар әдейі өлтірген деген пікір келтіреді.

Әзірге бұл мәселеге байланысты ресми ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары