Тележүргзуші Диана Қырықбай психолог Серікгүл Сәлиден қызықты жауап алды. Маманның айтуынша, жұбыңызды табу үшін иіскелесу керек.
“Иіскелесу дегеніміз – оның иісін сезіну. “Иіскейін, бірақ тиіспейін” дейді. Ол қайдан шыққан сөз? Ата-аналарыңыздан сұрасаңыздар, кезінде ғашықтар бір-бірінің иісіне ғашық болған. Тамағының иісіне, шашының иісіне ынтық болған. Иіскеу жекілікті болған. Басқа ешнәрсе маңызды емес.
Мұндайда адамның кемшіліктері, аяғының қисықтығы, мінезі маңызды болмайды. Сондықтан би билеп, киноға барып, кешке дейін сөйлесе бергенше, иісін сезген дұрыс. Егер иісі ұнамаса, онда сіздің адамыңыз емес”, - деді маман.
Психологтің сөзіне қарсы келгендер де, қолдау білдіргендер де бар.