$ 494.87  520.65  4.91

«QAZAVTOJOL» филиалының директоры қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешіктірілуіне «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев кінәлі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды, делінген министрліктің таратқан мәлімдемесінде.

ҚАЖ орталық аппаратының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Бұған дейін дәл осындай себеппен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен босатылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары