27.04.2022, 10:00

«Сергекте» жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

Фото: ашық дерекөз
Мысалы, кейінгі тәуліктің өзінде "Қорғау Сергек" бағдарламасы арқылы жалған нөмірмен жүрген 11 автокөлік анықталған.

"Сергек" жүйесіндегі жаңа функция іске қосылды. Жаңа "Қорғау Сергек" бағдарламасы жалған нөмірлі көліктерді анықтайды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқаратын адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - деді полиция өкілдері.

Мысалы, кейінгі тәуліктің өзінде "Қорғау Сергек" бағдарламасы арқылы жалған нөмірмен жүрген 11 автокөлік анықталған. Олар бір тәулікте 790 рет ереже бұзған. Жалпы, 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған. 

"Ол көліктер ұсталып, арнайы айып тұрағына қойылды", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы полиция полковнигі Манап Саттаров.