$ 445.66  474.58  4.78

Данияр Елеусіновтің жарымен түскен суреті желіде талқыға түсті

Елеусінов жарымен түскен суретін Instagram-парақшасында жариялаған. Онда боксшының жары никаб киген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің әйелімен түскен суреті талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елеусінов жарымен түскен суретін Instagram-парақшасында жариялаған. Онда боксшының жары никаб (мұсылман әйелдердің бас киімі, онда беті толық жабылып, тек көзі ашық қалады - авт.) киген. 

Желі қолданушылары боксшының жарының бұл киіміне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Онда пікірлер қақ жарылған:

"Жамылады дегенге қатты жамылып кеткен жоқ па?", "Өз әйелі ғой, өзі біледі", "Бұл ата-бабаларымыздың әйелдерінде болмаған киім екен", "Бұл мұсылманның киімі", "Жетпегені осы еді".

Кейін боксшының өзі оқырмандарына жауап берген. Бұл Сауд Арабиясында түсірілген сурет екенін айтты. 

"Ей, халайық, менде не шаруаларың бар? Өз өмірлерің керемет болса, мында жазбас едіңіздер… Бұл Саудиде түскен сурет. Мұнда былай жүруге болады… Әйелім никаб тақпайды, негізі бұл жерде масканың орнына таққан… Сәукеле, кимешек пен тақия кигендерге... Батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар… Бір рет арабтікін кигенде көріп қалады екенсіздер", - деп жазды Данияр Елеусінов. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леальді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл кездесуден соң Елеусінов жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары