$ 498.34  519.72  4.85

«Жасыл» экономика: сән бе, әлде қажеттілік пе? (2-бөлім)

Мамандардың пікірінше, «жасыл» экономиканы дамыту Қазақстанға экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Жасыл» экономика: сән бе, әлде қажеттілік пе? (1-бөлім) Басы

Skifnews.kz ақпараттық порталы өткен аптада табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бүгінгінің сәні ме деген тақырып төңірегінде әңгіме өрбіткен еді. Бүгін осы мәселені әрі қарай қозғамақпыз.

Қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған пайдалы қазбаларды — мұнайды, газды үнемді тұтынуға және таусылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған «жасыл» экономиканың негізінде таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың пікірінше, «жасыл» экономиканы дамыту Қазақстанға экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді.

Әуелде барлығы неден басталып еді? Сәл тарихқа шегінсек. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 жылғы 30 мамырда Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада негізінен экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттердің тізбесі ұсынылған.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада  халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға жүктемені және табиғи ресурстардың жұтаңдануын барынша азайта отырып, әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру арқылы жаңа тұрпатты экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі негіз қаланды.

Тұжырымдамаға сәйкес, «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі шаралар: су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару бағыттары бойынша іске асыру жоспарланған.

Осылайша, Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту үшін жеті бағыт қарастырылды.

Біріншісі – жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды одан әрі сақтау туралы мәселе үлкен ауқымға ие болуда. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел. Жасыратыны жоқ, бүкіл әлемдегі мұнай мен газ ең ірі энергетикалық ресурстардың бірі ретінде жіктеледі, бірақ олар бір уақытта таусылып қалады, демек, тіршілік үшін жаңа ресурс табу керек. Бұл ретте, Қазақстанның экожүйесі, топырағы, суы және орманының болуы басқа елдердің алдындағы позициясын айтарлықтай арттырады.

Екіншісі – ТКШ-дағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының едәуір бөлігі посткеңестік кезеңде салынғанына байланысты, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу оқшаулағыш құрылымдармен және жылумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған, бұл айтарлықтай шығын келтіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен жабдықтау аспаптарының жұмысындағы ақауларды жою саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға арналған энерго-сервистік компаниялар жұмыс істейді.

Үшіншісі – ауыл шаруашылығындағы органикалық егіншілік. Біріншіден, бағыттың бұл түрі синтетикалық тыңайтқыш өнімдерінен (пестицидтерден), түрлі жем қоспаларынан бас тартуды көздейді. Мұндағы айтылып отырған әңгіме өсімдіктердің өнімділігін, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды қолдану жөнінде болмақ. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи ресурстарға зиян келтірмей, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлап отыр: топырақ құнарлылығын басқару; суды тиімді пайдалану; өсімдіктер мен жануарлар денсаулығын басқару; фермаларды механикаландыру.

Төртінші – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымал. Лас көшелер, қоқыс орындары және болып жатқан жағдайды бақылаудың жоқтығы жиі кездеседі. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік циклдің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылды. Мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отын алу технологиясы Алматыда бұрыннан бар.

Бесінші – су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру. Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі табиғи құрамдас бөлігі болып қала береді. Осыған байланысты су ресурстарын ұтымды пайдалану орасан ауқымға ие болатын проблема.

Алтыншы – «таза» көлікті дамыту. Қазақстандағы тасымалдау желілерінің көпшілігі дизель/жанармаймен жүргізіледі. Біріншіден, бұл парниктік газдардың жоғары шығарылуына ықпал етеді.

Жетінші – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Осы бағыттағы қызмет негізінен еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға бағытталған.

Сонымен, «жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 негізгі секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлап отыр, яғни: ауыл шаруашылығы; ТКШ; энергетика; балық аулау; орман шаруашылығы; өнеркәсіп; туризм; көлік; қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу; су ресурстарын басқару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары