$ 494.87  520.65  4.91

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер: ерекшеліктері мен өзгерістері

Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қорғау мемлекеттік бюджет және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен кешенді түрде жүргізіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Биыл жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің ұлғаюы қандай факторларға байланысты болмақ? Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері қандай болса, жәрдемақы сомасы соған байланысты болады, деп жазады Skifnews.kz. 

Айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшері де өзгерді. Қазіргі уақытта ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеге тең. Биыл АЕК 3 063 теңгені құрады. Осыған байланысты зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайды.

Ана мен баланы мемлекеттік қолдау

Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қорғау мемлекеттік бюджет және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен кешенді түрде жүргізіледі. Балалар төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің және ең төменгі жалақының өсуіне байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. Төлемдердің екі түрі бар: біріншісі – бала тууға арналған мемлекеттік біржолғы жәрдемақы, екіншісі – бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы. 

Жәрдемақы сомасы ананың декреттік демалысқа дейін жұмыс істегеніне немесе жұмыс істемегеніне байланысты беріледі. Егер егіздер дүниеге келсе, жәрдемақы әр балаға төленеді. Бұл ананыі бала санына қарай жәрдемақыны екі-үш есе алатынын білдіреді.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы бір рет, мынадай мөлшерде беріледі: (38 АЕК) – бірінші, екінші және үшінші балаға. Өткен жылы жәрдемақы 110 846 теңгені құраса, биыл – 116 394 теңге болды. Төртінші, бесінші және одан да көп балаға – 192 969 теңге беріледі. Балаға ай сайынғы жәрдемақы ол бір жасқа толғанға дейін төленеді. Егер әйел декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген болса, онда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері оның соңғы 2 жылдағы табыс деңгейіне байланысты болады. Жәрдемақыны есептеу үшін зейнетақы емес, әлеуметтік аударымдарға сәйкес ай сайынғы табыстың орташа сомасы алынады. 

Егер өтініш беруші әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, жәрдемақы республикалық бюджеттен төленеді. Ай сайынғы тіркелген жәрдемақы: бірінші балаға – 17 643 теңге, екінші балаға – 20 860 теңге, үшінші балаға – 24 045 теңге, төртінші және одан көп балаға – 27 261 теңгені құрайды. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар үшін ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Мемлекет төрт және одан да көп бірге тұратын балалар тәрбиеленетін отбасыларды көпбалалы отбасылар деп санайды. 

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін, атап айтқанда әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыта отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ыңғайлылығы мен тәртібін оңайлату мақсатында проактивті қызметтер енгізілуде. Бұл – азаматтар үйден шықпай-ақ алатын қызметтер. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасында деректер алмасу нәтижесінде азаматтың МӘСҚ-дан жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алу құқықтары өзектендіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары