Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа қатысты қастандық ұйымдастырылмақ болған. Бұл туралы Abzhannews Telegram парақшасы жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Кейбір мәліметтер бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа қастандық ұйымдастырылып, жұмысы мен үйінен іздестірілген.
Оның “Тында эпт!” деген сөзі митингтегі халықтың одан әрі ашуын тудырғаны рас. Осы бір кикілжіңді ол “бейбіт жолмен бітімге келіп” шешіп үлгерген”,- делінген жазбада.