Жаңалықтар 06.05.2022 сағат 18:20

Боксшы Данияр Елеусінов IBF рейтингісінен шығып қалды

Жартылай орта салмақта 15-ші қатарға жайғасқан Данияр Елеусінов рейтинг кестесінен шықты.
Боксшы Данияр Елеусінов IBF рейтингісінен шығып қалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Екінші орта салмақта қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше төртінші және бесінші орындарды сақтап қалды. Әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес, алғашқы екі қатар бос тұр, үшінші орын ресейлік Евгений Шведенкоға тиесілі.

Чемпиондық белбеу Геннадий Головкинге тиесілі орта дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші болып қалды. Рейтингте бірінші орында бразилиялық Эскива Фалькао, екінші орында австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында неміс Патрик Войчицки. Жартылай орта салмақта 15-ші қатарға жайғасқан Данияр Елеусінов рейтинг кестесінен шықты.

Сұлтан Зәуірбек екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 11-ші орынды сақтап қалды. Бұл санаттағы чемпиондық белбеу жапондық Кеничи Огаваға тиесілі болса, үздік үштікті Шавкат Рахимов (Тәжікстан), Зелфа Барретт және Джозеф Кордина (екеуі де Ұлыбритания) еншіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар