$ 494.87  520.65  4.91

Экология департаменті өкілі Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді

Жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Аймақтың Экология департаменті өкілі Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz. 

ЖЭО-1 су тарту каналы ЖЭО-1 технологиялық қажеттілігіне байланысты теңіз суын жіберуге және бастапқы су ретінде "Каспий тұщыландыру зауыты" ЖШС-не ауыз су дайындауға арналғаны айтылды.

Портал мәліметінше, бүгінде Каспий теңізінің күрт таяздануынан су алу каналындағы су деңгейі төмендеген, кей жерлерде аралдар пайда болған.

Тағы оқыңыз: Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады

Арнадағы теңіз суының деңгейін ұстап тұру және ЖЭО-1 мен "Каспий тұщыландыру зауыты" ЖШС технологиялық процесінің тоқтауын болдырмау үшін "МАЭК-Казатопром" ЖШС ЖЭО-1 су тарту арнасының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді.

Бұл жұмыстар жер снаряды арқылы механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су - басқа қоспаларсыз кәдімгі теңіз суы.

"МАЭК-Казатопром" ЖШС ақпараты бойынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Сондай-ақ, Экология департаменті өкілі ведомство мамандары оқиға орнына кеткенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары