Жаңалықтар 07.05.2022 сағат 18:03

Адам өмірін әзілге айналдырған жайдарманшы топ сынға қалды

Адам өмірін әзілге айналдыру дұрыс емес. Эфирде мұндай қателік жасауға болмайды.
Адам өмірін әзілге айналдырған жайдарманшы топ сынға қалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әкімдіктің алдында өзімді өртеп тастаймын» деп қате әзіл ойнаған жайдарманшы топ сынның астында қалды.

Осыған қатысты сценарист, тележүргізуші, продюсер Еркебұлан Мырзабек жайдарманшы топқа ескерту жасады.

«Әкімдіктің алдында өзімді өртеп жіберемін» дегендерің өте қате әзіл. Адам өмірін әзілге айналдыру дұрыс емес. Эфирде мұндай қателік жасауға болмайды. Митингте қанша адам қыршын кетті, Алматыда болдыңдар ма өздерің? Редакторлар мұндай әзілді біз өткізген жоқпыз дейді, сонда сендер қалай өткізіп отырсыңдар? Тәжірибелі топсыңдар, мықты командасыңдар. Сендерге жаным ашығандықтан айтып отырмын, қателесуге болмайды, - деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында бір әйел әкімдіктің алдында өзіне жанармай құйып, өртеп жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар