Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 8 мамырда сағат 2:40 шамасында болған.
"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сембинова көшесімен Кенесары көшесі қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, осы уақытта Кенесары көшесінде келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Соқтығыс салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Toyota Camry жүргізушісі мен Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Факт бойынша соталды тергеу басталған.