$ 447.4  477.55  4.76

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам табылды

Олар алғашқы медициналық көмекке жүгінуді қажет деп таппады.

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған боатынбыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Исатай ауданында 11 адам жоғалып кеткен. 

«Кеше, 8 мамырда күні сағат 14:00-ден «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан аталған учаскеге жету үшін жолға шыққан. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Махамбет ауданына баруды көздеп, жолдан адасып кеткен. Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы тартылды. Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері қосылды. Бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адам бүгін, 9 мамырда жергілікті уақытпен сағат 14:50-де Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан шамамен 85 шақырым қашықтықта орналасқан Жасқайрат елді мекенінен аман-есен табылды. Табылған адамдардың денсаулығында кінәрат жоқ. Олар алғашқы медициналық көмекке жүгінуді қажет деп таппады», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір бір жүргізуші мен 10 жолаушы Жасқайрат елді мекенінен Х. Ерғалиев ауылына аман-есен жеткізіліп, ағайын-туыстарына табысталды. Іздестіру жұмыстарына Исатай аудандық полиция бөлімінің бір қызметкері көмегін берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары