$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда алапат өрт болды

11 тұрғын үй мен 4 автомобиль жанып кеткен.

Қостанайда Тобыл өзенінің жағалауындағы қамыс өртеніп, екпінді желден өрт өршіп, жақын маңдағы үйлер отқа оранған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт 9 мамыр күні сағат 17-25 шамасында басталған.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 11 тұрғын үй мен 4 автомобиль жанып кеткен. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 1000 шаршы метр аумақты қамтыған.
Өрт 20:15-те ауыздықталып, 21:24-те толығымен сөндірілді.
Тілмсіз жаудың шығу себебі және залалы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Қостанай