Жаңалықтар 11.05.2022 сағат 10:40

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.
Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді", - деді соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар