$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында екі қыз полицейлерге шабуыл жасаған

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Жамбыл облысында полицейлер жабылып соққыға жыққан сегіз адам қамауға алынды. Олардың арасында қыздар да бар. Тағы біреуіне іздеу жарияланған. Әзірге тәртіп сақшылары оның тұрғылықты жері мен жас шамасын айтпай отыр. Ал соққыға жығылған полицейлер ауыр жарақат алмаса керек, қазір олар қызметіне кірісіп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Шу қаласындағы жағдай жұрттың төбе шашын тік тұрғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода бір топ азамат тәртіп сақшысын тепкінің астына алып жатқаны көрінеді. Кейін полицейлер қарудан бірнеше рет оқ атқан.

Бассыздық вокзал маңында болған. Қолда бар мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі жоқ жеңіл көлікті тоқтатқан. Ал машинадағы азаматтар екі полицейге бағынбай қарсылық көрсетіпті. Соңы жаппай төбелеске ұласқан. Қазір осы іске қатысы барлар ұсталды. Арасында қыздар да бар.  

"Бұл оқиғаға белсенді қатысқан 8 адам ұсталып отыр. Оның алтауына күзетпен ұстау шарасы қолданылды. Ал қыздар үй қамағына алынды. Осы іске қатысы бар тағы бір азаматқа іздеу жарияланды. Қазір полицейлерге қаншалықты дене жарақаты келтірілгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ал бейресми мәліметке сүйенсек, сөзге келіп қалған инспектор мен көлік ішіндегі бір азамат жекпе-жекке шыққан. Соңы осындай жағдайға ұласқан. Қазір осы төбелеске қатысты "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары