Жаңалықтар 13.05.2022 сағат 05:30

Елордада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Елордада  бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен бірден бірнеше учаскеде жол төсемдеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 13-16 мамыр аралығында жол төсемдеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатыны нақтыланады.

Дәл сол себепті жоғарыда аталған күндері Jusan Bank ғимаратының жанындағы Бөкейхан көшесі мен Сығанақ көшесінің арасындағы қозғалыс пен жол толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар